Түркістанда журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Шындық кз» ақпарат порталының директоры Әйгерім Айтаханованың көлігін белгісіз әйел заңсыз айдап кеткен. Журналист бірден полицияға арыз берген. Аталған дерек бойынша полиция «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеу бастады.

Полиция қызметкерлері көлікті заңсыз айдап кеткен күдіктіні бірнеше сағат ішінде анықтады. Оның жұмыссыз, жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Қазіргі уақытта автокөлік айғақ зат ретінде тәркіленіп, арнайы айыптұраққа қойылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.