Түркістан облысының Мақтаарал ауданында мақта өңдейтін зауыт аумағында өрт сөндірілді. Жалпы салмағы 170 тонна болатын төрт мақта үйіндісі өртенген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпорын Жетісай — Атакент автожолының бойында орналасқан. Өрт ашық алаңдағы 242 шаршы метр аумақты қамтыған. Зауытта барлығы 700 тонна мақта болған.

«Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен жойылды», — деп хабарлады ведомство.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін «Курсив» Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрттің толығымен сөндірілгені туралы жазған болатын.