Түркістан облысында болған жол апатынан 7 адам көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция өкілдері жол апатының Бәйдібек ауданындағы "Шаян–Екпінді" тасжолында болғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, түнгі уақытта Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.