Түркістан облысында жүріп келе жатқан ВАЗ көлігінің төбесіне шығып, видео түсірген жолаушы мен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция қызметкерлері бұл видеоны әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында анықтаған. Тексеру нәтижесінде оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы дрон арқылы да тіркелген.
Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін 22 жастағы жүргізуші мен 30 жастағы жолаушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Полиция нақты қандай айыппұл салынғанын нақтылаған жоқ.
Екі қатысушымен де профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заңнама талаптары мен ЖҚЕ бұзудың салдарлары түсіндірілді.
Полиция әсерлі видео түсіру адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі керектігін еске салды. Мұндай әрекеттер апатқа және орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.
Бұған дейін «Курсив» Шығыс Қазақстан облысында жолаушының дүкенге арналған жарнамалық ролик үшін жүріп келе жатқан көліктің люкінен басын шығарғанын жазған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін полиция түсірілімге қатысушыларды анықтап, жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.
Айта кетейік, көлік арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы полиция хабарлады.
