Түркістан облысының полицейлері блогерлермен бірлесіп, шетелдік тіркеудегі автокөліктерді тексереді. Рейдтер «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тексерулер барысында Қазақстанда есепке қойылмай пайдаланылып жүрген шетелдік нөмірлері бар автокөліктер анықталады. Бір рейд кезінде инспекторлар осындай бес көлікті тапты. Олардың ішінде:

  • 01Toyota Camry (Ресей нөмірі)
  • 02BMW X5 (Қырғызстан нөмірі)
  • 03Mercedes-Benz E-Class (Литва нөмірі)
  • 04Lexus RX350 (Грузия нөмірі)
  • 05Hyundai Santa Fe (Армения нөмірі)

Барлық жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полицейлер автокөлік иелеріне шетелдік тіркеудегі көліктерді пайдалану ережелерін еске салып, Қазақстанда көлікті уақытында есепке қою қажеттігін түсіндірді.

Мемлекеттік нөмірлерсіз, Қазақстанда тіркелмеген немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін көлік басқарғаны үшін жүргізушіге 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда жаза 20 АЕК-ке дейін күшейтіледі немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Полиция мұндай тексерулер жалғасатынын атап өтті.

Бұған дейін Курсив Авто Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар қанша көлік бар екенін ІІМ атай алмағанын жазған болатын.