Фото: Түркістан облысы ПД

Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.

««Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.»