Түркістан облысы Сарыағаш ауданында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік орган қызметкерлері жұмыс уақытында құмар ойындар ойнаған. Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына, мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді, дейді прокурорлар.
"Заңды бұзған мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - дейді Түркістан облысының прокуратурасы.
Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жалғасады.
