Түркістан облысындағы Арыс қаласында мас күйінде көлік тізгіндеген әйел үш адамның өліміне себеп болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үй маңындағы сәкіде демалып отырған бес адамды JAC маркалы автокөлік қағып кеткен. Салдарынан үш адам көз жұмды, оның екеуі бала. Тағы екі адам жарақат алды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шықты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.
Зардап шеккен 2 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
