Түркістан облысында мас әйел бес адамды қағып кетті: үшеуі көз жұмды

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, Түркістан облысындағы Арыс қаласында көлік тізгіндеген мас әйел үш адамның ажалына себеп болды. Үй маңындағы сәкіде демалып отырған бес адамды көлік келіп қаққан. Салдарынан үш адам көз жұмды, екеуі бала. Тағы екі адам жарақат алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Арыс қаласында JAC маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып, қашып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шықты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккен 2 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Бұл оқиға тағы да мас күйінде көлік жүргізудің қауіптілігін еске салады. Полиция мас жүргізушілерге қатысты қатаң шаралар қолданатынын ескертеді.