Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекенінде мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өндіретін зауыт іске қосылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ірі қара мал сүйегін кәдеге жаратып, одан қосылған құны жоғары өнім өндіретін жаңа кәсіпорынды іске қосуға "Huating Biotechnology Co, LTD" ЖШС 9 млрд теңге қаржы бағыттаған.

"Кәсіпорынға Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінен "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" арқылы 10 гектар жер учаскесі берілді. Жобаның бірінші кезеңіне 2,5 млрд теңге инвестиция салынды", - делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.

Компания алғашқы кезеңде пептон компоненттерін өндіруді жоспарласа, алдағы уақытта желатин компоненттерін өндірмек.