Жетісай ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.
Көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Жетісай ауданының шекаралық аймақ мәртебесін ескере отырып, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.
