Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сауран ауданындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағына қарасты «Ораңғай» қосалқы экономикалық аймағында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауыттың уақыт капсуласы салынды. Кәсіпорынға 10 гектар жер телімі бөлінген.
Жобаның жалпы инвестициялық құны 20,4 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2026-2027 жылдары жүргізіледі. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына 464 млн дана биологиялық белсенді қоспа өндіріп, 500 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
