Түркістан облысында бес жасар бала темір жолға шығып кеткенде, пойыз машинисі шұғыл тежеу жасап, қайғылы оқиғаның алдын алды. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан темір жолының хабарлауынша, 2026 жылдың 20 маусымында сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында №7/8 Алматы-2 – Саратов қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі темір жолда қалған бес жасар баланы басуға жол бермеді.
Локомотив бригадасы 70 км/сағ болатын пойыз жылдамдығында шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Салдарынан пойыз 4 минутқа кешікті. Компанияда хабарлағандай, темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған.
Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.
