Түркістан облысында болған жол апатынан бес бала көз жұмды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, олардың барлығы бір үйдің баласы болған. Тағы бір бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалғанымен, баланың жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі жариялаған алдын ала мәліметтер бойынша, Түлкібас ауданындағы тас жолда Volkswagen Polo жүргізушісі көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Соққының күшті болғаны соншалық, көлік екіге бөліпне жаздады.
Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
