Түркістан облысы Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы ауылында 2 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 22 шілдеде болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен. Өкінішке қарай, бала көз жұмды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды.