Түркістан облысының Жетісай ауданы прокуратурасы Өзбекстанмен шектесетін аймақта шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тарту фактілерін анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратураның мәліметінше, көші-қон заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында тіркеусіз жүрген шетелдіктер, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілері анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша 181 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 2,8 млн теңге айыппұл салынды. Прокуратурада көші-қон заңнамасының сақталуы қадағалау органының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев елде босқындарды ұстау орталықтарын құру бойынша Еуропалық Одақпен келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.