Түркістан облысында 12 мың тоннаға жуық престелген шөп пен бастырма өртеніп кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ірі өрт Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында болды. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті толық сөндірді.
Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері, орман шаруашылығы қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды, деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
