Түркістан облысына 2026 жылдың бес айында 31 823 шетелдік турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,2 пайызға жоғары. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы алғашқы бес айда Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық. Саяхатшылардың 77,8 пайызы – отандық туристер болса, 22,2 пайызын шетелдік қонақтар құрайды.

Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінен келген. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Асқар Абубакиров мәлімдеді.

Өңірдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен табиғи демалыс орындарында есепті кезеңде 60 100 адам демалып, көрсеткіш 2,1 пайызға артты. Жалпы туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 36,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті. Қазіргі таңда облыс аумағында 11 туроператор, 45 туристік агенттік және 43 сертификатталған гид қызмет көрсетіп жатыр.