Түркістан халықаралық әуежайында әуе кемелерінің бірінен техникалық ақау шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға ұшу-қону жолағында болған. Ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, желіде оқиғаға қатысты түрлі болжам айтылды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшіге әуе кемесінде техникалық ақау болғанын растады.
"11 қыркүйекте Түркістан әуежайының ұшу жолағында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау пайда болды. Қазіргі уақытта ақауды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ведомство өкілдері тілшіге.
Әуе кемесінің қандай себеппен істен шыққаны, ұшақтың жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесі болған-болмағаны және оқиғаның мән-жайы әзірге нақтыланған жоқ.
