Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады», — деп жазды ол.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына сапары аяқталды. Мемлекет басшысын Анкара әуежайынан Түркия Республикасының Сауда министрі Омер Болат және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысты.
