Тайваньдық TSMC компаниясының екінші тоқсандағы пайдасы жасанды интеллект (AI) бумының арқасында рекордтық деңгейге жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның AI чиптеріне деген сұраныс артып, оның қаржылық көрсеткіштеріне оң әсер етуде. TSMC әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіштерді контрактілі өндіруші болып табылады және оның клиенттері арасында Nvidia, Apple және AMD сияқты технологиялық алыптар бар.
