Тайваньдық TSMC компаниясының екінші тоқсандағы таза пайдасы 77%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның пайдасы сарапшылардың күткенінен әлдеқайда асып түсті. TSMC әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіштер өндірушісі болып табылады және оның қаржылық көрсеткіштері жоғары технологиялық нарықтың жағдайын көрсетеді.
