Reuters басылымы жариялаған сараптамалық пікірде АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы энергетикалық бітімі жаһандық дизель тапшылығын шешпейтіні атап өтілген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мақала авторының пайымдауынша, Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келісім энергия нарығындағы терең мәселелерді, соның ішінде дизель отынының жетіспеушілігін шешуге қабілетсіз. Сарапшының пікірінше, бұл мәселе тек геосаяси шиеленістен ғана емес, сонымен қатар жаһандық мұнай өңдеу қуаттарының шектеулілігінен туындап отыр.

Сараптамада дизель тапшылығының негізгі себептері ретінде әлемдік мұнай өңдеу зауыттарының қуатының жеткіліксіздігі және отынға деген сұраныстың артуы аталады. Трамптың Украинадағы энергетикалық бітімі бұл құрылымдық мәселелерді түзетпейді, сондықтан дизель нарығындағы қысым сақтала береді.