АҚШ президенті Дональд Трамп үкімет қаржыландырған тележарнамаларға түсуі сынға ұшырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та федералдық қаражатты саяси жарнамаға пайдалануға қарсы заңдар бар. Ақ үй бұл роликтерді насихат немесе үгіт емес, қоғамдық қызмет хабарламалары деп мәлімдеді.

BBC Verify тілшісі Джейк Хортон жарнамаларды зерттеп, заңгер мамандармен олардың заңдылығы туралы сұхбаттасты. Роликті Кристал Кампос дайындаған, графикасын Салли Николлс жасаған.