Фото: Ашық дереккөзден

Венесуэла билігінің дерегінше, АҚШ-тың Николас Мадуроны тұтқындау операциясы кезінде 100 адам қаза тапты, тағы шамамен 100 адам жараланды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Кабельоның сөзінше, Мадуро аяғынан жарақат алған, ал жұбайы Силия Флорес басынан соққы алып, дене жарақатын алған. Қазір екеуі де емделіп жатыр.

Каракас билігі 24 венесуэлалық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады. Куба билігі Мадуроның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз еткен 32 қауіпсіздік қызметкерінің қаза болғанын мәлімдеді. АҚШ әкімшілігі ресми дерек жарияламады, ал америкалық БАҚ шамамен 75 құрбан туралы жазды.