АҚШ президенті Дональд Трамптың НАТО-ға жасаған қысымы Еуропаның қорғаныс саясатын өзгертіп, альянстың тұрақтылығына әсер етуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Трамптың талаптары Еуропа елдерін қорғаныс шығындарын арттыруға және әскери әлеуетін нығайтуға итермелеуде. Бұл өзгерістер НАТО-ның болашағына қатысты сұрақтар туғызып отыр.

Альянс мүшелері арасындағы келіспеушіліктер мен АҚШ-тың рөліне қатысты күмән Еуропаның қауіпсіздік архитектурасын қайта қарауға әкелуі мүмкін. Reuters басылымы бұл үрдістің НАТО-ны ыдыратуға әкелуі ықтимал екенін атап өтті.