АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен американдық көшбасшының күйеу баласы Джаред Кушнер Мәскеуге келді. Американдық өкілдердің ұшағы Внуково әуежайына қонды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әуежайда Уиткофф пен Кушнерді Ресей тікелей инвестициялар қорының (РФПИ) басшысы Кирилл Дмитриев қарсы алды. Ол сондай-ақ Ресей президентінің шет елдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып табылады.
Сапардың мақсаты
Американдық келіссөзшілердің сапарының мақсаты ресми түрде нақтыланбаған. Алайда бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен келіссөзші Джаред Кушнерді Мәскеу мен Киевке не үшін жібергенін айтқан болатын. Американдық көшбасшының сөзінше, олар өздерімен бірге соғысты тоқтату ұсынысын алып барады.
Ресей тарапының реакциясы
Владимир Путин бұған дейін Уиткофф пен Кушнерді Ресейде құрметті қонақтар деп атап, Мәскеу олармен «қуана жұмыс істейтінін» атап өткен еді.
Кремльде ресейлік тараптың американдық өкілдермен байланыстары олар өткеннен кейін хабарланатынын мәлімдеді.
