АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығын беруді бұрынғы президент Джо Байденнің ұлы Хантер Байден ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желі X-те Байден кіші бұл әзіл-оспақ бастаманы Трамптың Иранмен соғысты «кемінде 38 рет» тоқтатқаны үшін айтты.
Байден-кішінің атап өтуінше, тарихта бірде-бір президент бір соғысты осынша рет аяқтамаған. «Ол әлі аяқтаған жоқ. Бұл Нобель комитетінің назарына лайық рекорд», — деп кекетті Байден.
CNN телеарнасының есептеуі бойынша, Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленіскен кезеңде Трамп БАҚ пен әлеуметтік желілерде Иранмен келісімге қол жеткізілетіні немесе әскери іс-қимылдар іс жүзінде аяқталғаны туралы кемінде 38 рет жария мәлімдеме жасаған.
Шын мәнінде, АҚШ пен Иран арасында толыққанды бейбіт келісім әлі жасалмаған. Уақытша бітімге (Исламабад меморандумы) қол қойылғанына қарамастан, сарапшылар мен сыншылар атысты тоқтату режимінің екі жақты жүйелі түрде бұзылуын және соққылардың жалғасуын атап өтеді.
Бұған дейін «Курсив» Трампқа үлкен байлық тұратын жүзік сыйға тартылғанын жазған болатын. Ол АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай 321 табиғи гауһар тасы бар эксклюзивті жүзік алды.
