АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесіп, Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мәселесін талқыламақ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы CNN-ге Ақ үйдің өкілі хабарлады. Мемлекет басшылары 28 шілдеде кездеседі. "Соғысты аяқтайтын уақыт келді", – деді Трамп әкімшілігінің шенеунігі.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 25 шілдеде АҚШ пен Украина өкілдері Украинада әуе шабуылдарын тоқтатуды көздейтін "әуе бітімі" туралы ұсынысты талқылаған. Бұл бастама жаңа бейбіт ұсыныстар пакеті аясында Ресейге ұсынылуы мүмкін.
