АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді Украинадағы қақтығысты аяқтауға шақырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қақтығыстың тоқтағанын қалаймын. Мен оған соғысты аяқтағым келетінін жеткіздім», – деді Ақ үй басшысы журналистерге берген сұхбатында. Ол адам өлімін дереу тоқтату қажет екенін атап өтті. Кездесу жабық форматта өткен.

Оның қорытындысы бойынша Зеленский Трамп Киевке Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне арналған тосқауылдаушы зымырандарды өндіруге лицензия беруге келіскенін мәлімдеді. Кейін БАҚ АҚШ тарапы бұл зымырандарды Польшада өндіру қауіпсіздеу деген шешімге келгенін хабарлады. Трамптың өзі келіссөзге қатысты нақты мәлімет бермей, оған «өте жақсы» деген баға берді.