АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді Ресей президенті Владимир Путинмен Мәскеуде кездесу өткізуге шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап, Трамптың бұл өтінішін жариялады. «Осы аптада Дональд Трамп Владимир Зеленскийді бұрын бірнеше рет бас тартқанына қарамастан, Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге баруға тағы да шақырды», - делінген жарияланымда.
Басылымның мәліметінше, Трамптың бұл өтініші Украина президентінің көңілін түсірген.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейсенбі күні Ресейдің Владимир Зеленскийді Мәскеуде қабылдауға әлі де дайын екенін мәлімдеді.
Трамп пен Зеленский сейсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездесті. Кездесудің жабық бөлігі шамамен 40 минутқа созылды.
