АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға көмектесіп жатқанын, бірақ Еуропа оның ақысын төлеп жатқанын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп тілшілерге берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Украинаға 300 миллиард доллардан астам қаражат бергенін, бірақ бұл шығындарды Еуропаның өтеп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, америкалық көмек Еуропа елдері мен НАТО-ға бағытталып, олар бұл үшін АҚШ-қа ақша төлейді. Трамп сонымен қатар Байден сияқты Киевке қару-жарақ үшін 300 миллиард доллар бөле алмайтынын жеткізді.

«Мен мұны істей алмаймын», - деді ол.