АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Украинадағы жағдайды реттеу жақындап қалғанын және бұл процестің жылдам жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың мәлімдемесі

«Ресей мен Украина мәселесін шешеміз. Тағы екі соғысты аяқтауға жақын қалдым», – деді Трамп Нью-Йорк штатындағы Сиракьюс қаласында өткен митингіде.

Ол бұл жиында губернатор сайлауына қатысатын Республикалық партия кандидатын қолдап сөз сөйледі.

Екінші қақтығыс туралы

Трамптың айтуынша, екінші қақтығыс Иранмен келісімге қол жеткізілгеннен кейін реттеледі.

Путин мен Трамптың әңгімесі

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз қызметі Владимир Путиннің жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын.

Әңгіме барысында Украинадағы қақтығысты реттеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған.