АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бағытында айтарлықтай ілгерілеу барын мәлімдеді. «Біз айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізіп жатырмыз», – деді ол журналистерге. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақ үй басшысы жақын арада Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өтеді деп үміттенетінін айтты. Сонымен қатар ол ықтимал үшжақты келіссөз міндетті түрде бетпе-бет форматта өтуге тиіс емес екенін атап өтті.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Финляндия президенті Александр Стуббпен және Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стеремен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Ослода өткен келіссөзді және Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Санкт-Петербургке сапарын талқылады.
