АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу бағытында әлі де жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қақтығыс жақын арада аяқталуы мүмкін.
«Біз Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты әлі аяқтаған жоқпыз. Мен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмын. Бұл да жақын арада шешіледі», – деді Трамп Мэриленд штатында өткен іс-шарада.
Америка басшысының айтуынша, сырт көзге байқалмауы мүмкін, алайда Украинадағы қақтығысты шешу процесі алға жылжып келеді.
