АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату оны алаңдататын жалғыз мәселе екенін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мені алаңдататын жалғыз нәрсе — осы», — деді Трамп журналистерге.

Ол қақтығысты реттеу мақсатында екі тараппен де байланыс орнатуды жалғастырып жатқанын айтып, тараптардың өздері де соғыстың аяқталуына мүдделі екеніне сенім білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп 9 қазанда Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу туралы келісімге келді.

Осыдан кейін Трамп Владимир Зеленскийдің бейбіт келісімге келуге дайын еместігіне және Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтатқысы келмейтініне тағы да назар аударды.