АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешу жолы жақындап қалғанын тағы да мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Трамп Украинадағы қақтығыстың аяқталуы бұрынғыдан да жақын екенін айтқан болатын. «Біз тағы екі (қақтығысты) аяқтауға жақынбыз деп ойлаймын. Ресей мен Украина арасындағы (қақтығыс) та осы бағытта жылжып келеді», — деді Трамп Айова штатында сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін бірнеше рет Ресейдің Украинадағы әскери қимылдардың бейбіт жолмен реттелу арқылы мүмкіндігінше тезірек аяқталуын қалайтынын мәлімдеген болатын. Ол Мәскеудің келіссөздерге дайын екенін, алайда Киев режимі тарапынан мұндай ниетті байқамай отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, бұған дейін Трамп Украина бойынша келісімге жақындағандықтан, санкция салмайтынын мәлімдеген болатын.