АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс тараптары түбінде мәселені реттейтініне, алайда бұл Владимир Зеленскийдің қатысуымен жүзеге аспайтынына сенімді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Түптеп келгенде, олар қандай да бір келісімге келеді. Бірақ олар мұны онымен (Зеленскиймен) бірге жасамайды», – деді Трамп Newsmax телеарнасына берген сұхбатында.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина күштерінің Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына бірнеше рет шабуыл жасамау туралы үндеулерге қарамастан жасаған шабуылдарын қисынсыз деп атады.
Бұған дейін Трамп Владимир Зеленскийдің бейбіт келісімдерге дайын еместігіне және Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалатын соққыларды тоқтатудан бас тартқанына наразылық білдірген болатын.
Өз кезегінде Зеленский Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауға тыйым салудың енді күшін жойғанын мәлімдеді.
«Егер маған Зеленскийдің мұнай өңдеу зауыттарына қайтадан соққы беріп жатқанын айтсаңыз, онда оның қол жеткізіп жатқаны — тек әлемдік мұнай бағасының қымбаттауы ғана. Нысанаға алатын басқа жерлер жетерлік қой. Олардың [мұнай өңдеу зауыттарына] соққы беруіне ешқандай себеп жоқ», — деді Трамп Newsmax телеарнасына берген сұхбатында.
АҚШ президенті Украинадағы қақтығыс тараптары түбінде келісімге келеді деп санайды, алайда бұл Владимир Зеленский арқылы жүзеге аспайды.
«Түптеп келгенде, олар қандай да бір келісімге келеді. Бірақ олар мұны онымен (Зеленскиймен – ред.) бірге жасамайды», – деді Трамп Newsmax телеарнасына берген сұхбатында.
