АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келісімге жақындауға байланысты Ресейге қарсы санкция салмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Келісімге жақындап, келіссөз өте нәзік сипатқа ие болған кезде, санкция салу орынсыз», – деді Трамп Ақ үйде журналистерге.
АҚШ президенті шектеу шараларын «кез келген күні» енгізуге өкілеттігі бар екенін еске салды.
Алайда оның пікірінше, санкция енгізуге шақырып жүрген адамдар мәселенің мәнін түсінбейді әрі парасат-пайымы жетпейді.
