АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша делдал ретінде Иерусалим патриархы Феофил III-тің кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израильдің Ynet жаңалықтар порталының мәліметінше, Иерусалим патриархы Феофил III Вашингтонға 4 маусымда барған. 40 минутқа созылған кездесуде олар Қасиетті жерде мұсылмандар мен христиандардың діни орындарға қолжетімділігі және діни рәсімдерді орындауға қатысты шектеулер мәселесін талқылады.

Портал дереккөздерге сілтеме жасап: "АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалим патриархы Феофил III-тің Ресей мен Украина арасындағы бітімге қол жеткізу жөніндегі келіссөздерде делдал болуына келісім берді", – деп хабарлады.

Сондай-ақ бұл бастама аясында патриархтың маусым айында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін екені айтылған. Феофил III православ әлемінде беделді тұлға ретінде танылып, дипломатиялық және гуманитарлық бастамаларға қатысқан.