АҚШ президенті Дональд Трамп Уилл Шарфты Ақ үйдің бас кеңесшісі етіп тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шарф бұған дейін Трамптың сайлауалды науқаны кезінде заңгерлік көмек көрсеткен. Ол Ақ үйдегі заң мәселелеріне жауапты болады.
