АҚШ президенті Дональд Трамп Walmart компаниясы фарш еті мен басқа да тауарлардың бағасын төмендететінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың айтуынша, Walmart тұтынушыларға арзандатылған баға ұсынады. Бұл қадам инфляцияны төмендетуге және американдықтардың сатып алу қабілетін арттыруға бағытталған. Нақты баға өзгерістері мен мерзімдері әлі жарияланған жоқ.
