АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Мачадомен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
«– Мария Мачадо келесі аптада келеді және мен оны асыға күтемін, — деді Трамп. Бұған дейін өткен жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын жеңіп алған Мачадо Трамптың да бұл марапатқа лайық екенін мәлімдеген.»
—
Fox News жүргізушісі Шон Хэннити Трамптан Мачадо оған Нобель бейбітшілік сыйлығын ұсынса, оны қабылдай ма деп сұрады. Оған АҚШ президенті: «Мен оның мұны істегісі келетінін естідім. Бұл үлкен құрмет болар еді», — деп жауап берді Трамп.
Бұған дейін Мачадо Нобель бейбітшілік сыйлығын Трамппен бөліскісі келетінін мәлімдеген.
