АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға F-35 жойғыш ұшақтарын сатуды қолдайды деп күтілуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздердің айтуынша, Трамп әкімшілігі Түркияның F-35 бағдарламасына қайта қосылуына жол ашатын келісімді мақұлдауы мүмкін. Бұл қадам АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған.
Еске сала кетейік, Түркия 2019 жылы Ресейден С-400 зениттік-зымырандық жүйелерін сатып алғаннан кейін F-35 бағдарламасынан шығарылған болатын. АҚШ бұл жүйелердің НАТО стандарттарына сәйкес келмейтінін және F-35 құпиялылығына қауіп төндіретінін алға тартқан еді.
Қазіргі уақытта Түркия F-35 ұшақтарын сатып алуға қызығушылық танытып отыр, ал Трамп әкімшілігі бұл мәселені оң қарастыруы мүмкін. Алайда, нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
