АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Вашингтонда салынып жатқан Триумфальды арка әскери кешенге айналдырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім АҚШ Қарулы күштерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл өтініші бойынша қабылданған.

Аталған нысанды АҚШ астанасында тұрғызу жоспарлары Азаматтық соғыс кезінен бері болған. Бастапқыда Трамп әлемдегі ең үлкен триумфальды арканы Авраам Линкольн мемориалына қарама-қарсы Арлингтон көпірінің жағында салуды жариялаған болатын.

Енді бұл нысан бірінші дәрежелі әскери базаға айналдырылады. Кешен көптеген ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) орналастыруға, сақтауға және жедел қолдануға толығымен бейімделеді. Кешеннің шатырында мергендер позицияларын орналастыру жоспарлануда.

Бұған дейін «Курсив» Трамптың Иранмен қақтығыс бойынша маңызды шешімді жақын арада жариялайтынын жазғанын хабарлаған болатын.