АҚШ президенті Дональд Трамп Тайвань Аляскадағы құбыр жобасынан сұйытылған табиғи газдың (СПГ) 30 пайызын сатып алуға келіскенін хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың айтуынша, Тайвань Аляска құбыр жобасы аясында өндірілетін сұйытылған табиғи газдың 30 пайызын сатып алуға міндеттенген.
Аляскадағы құбыр жобасы — АҚШ-тың энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларының бірі. Жоба аясында сұйытылған табиғи газ өндіріліп, экспортқа шығарылуы көзделеді.
Тайваньның осы жобаға қатысуы туралы келісім АҚШ-тың энергетикалық саудадағы серіктестіктерін кеңейтуге бағытталған қадамдарының бірі ретінде бағаланады.
