АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпиннің 24 қыркүйекте АҚШ-қа сапармен келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың айтуынша, Си Цзиньпиннің сапары екі ел арасындағы сауда келіссөздерінің маңызды бөлігі болмақ. Сапар барысында тараптар сауда теңгерімі мен технологиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
