АҚШ президенті Дональд Трамп Сайлауға көмек көрсету жөніндегі федералды комиссияның (EAC) мүшелерін қызметтен босатты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Комиссия сайлау процесін үйлестіру және штаттарға техникалық көмек көрсету үшін құрылған. Трамптың бұл шешімі сайлау қауіпсіздігіне қатысты пікірталастар аясында қабылданды. Қызметтен босатылған мүшелердің аты-жөні әзірге ашылмады.
