АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп республикашылдарды Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасына Иранды қосуды ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың мәлімдемесі АҚШ Конгресінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті талқыланып жатқан кезде жасалды. Ол республикашылдардың бұл заң жобасына Иранды қосу арқылы екі елге де қысымды күшейтуге болатынын айтты.
