АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинадағы қақтығысты реттеуге Киевке қарағанда көбірек ұмтылып отырғанына сенімді екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін де АҚШ басшысы Мәскеудің қақтығысты шешуге Киевтен гөрі көбірек мүдделі екенін айтқан болатын.
Не себепті мұндай ойға келгені туралы сұраған журналистерге Трамп: "Мен өмір бойы осы іспен айналыстым – мәмілелер жасадым", – деп жауап берді.
АҚШ президентінің айтуынша, ол келіссөз жүргізудегі тәжірибесіне сүйеніп, осындай пікірге келген.
Мәскеудің мәлімдеуінше, Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуды қалайды.
Ресей тарапы осы мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін айтып келеді.
